"Береке" бағдарламасы бойынша алғашқы кредит Ақмола облысында берілді

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуҚой
Қой - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Импорттық асыл тұқымды малды жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен кредит қаржысына сатып алуға болады
АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. "Береке" бағдарламасы бойынша алғашқы кредит Ақмола облысының шаруаларына берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
"Игілік" және "Береке" жаңа бағдарламалары іске қосылды. Олар 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламалар арқылы импорттық асыл тұқымды мал үшін жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге қаржы алуға болады.
Ақмола облысы өңірлер арасында қажетті ұйымдастырушылық рәсімдерді алғашқылардың бірі болып аяқтады.
"Береке" бағдарламасы бойынша алғашқы қарыз алушы – Ерейментау ауданының Төменгі Тоғай ауылында жұмыс істейтін "Ерейментау Астық 2014" ЖШС. Бірнеше жыл бұрын инвесторлар қараусыз қалған өндірістік базаны өз қаражаты есебінен сатып алып, қайта қалпына келтірген. Кәсіпорын ұсақ мал өсірумен айналысады және бордақылау алаңын кеңейтіп, бір мезгілде 10 мың басқа дейін мал ұстауды жоспарлап отыр", - дейді әкімдік.
Қазіргі уақытта шаруашылықта шамамен 1 мың бас мал бар. "Береке" бағдарламасы бойынша алынған 2 млрд теңге кәсіпорынға дамуға мүмкіндік береді.
"Береке" бағдарламасының арқасында етті бағыттағы дорпер тұқымынан 150 асыл тұқымды қошқар сатып алынады. Мал басын Австралиядан әуе көлігімен жеткізу жоспарлануда. Жас малды қажетті тауарлық кондицияға дейін өсіріп, кейін экспорттық келісімшарттар бойынша өткіземіз", - деді "Ерейментау Асты" 2014" ЖШС атқарушы директоры Марат Ермаханов.
Программа Бақытты отбасы: как получить льготный кредит на жилье - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жеңілдетілген кредит алған табысты жобалардың тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0