Алматылық спортшы тарихи алтын медаль жеңіп алды

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматылық спортшы тарихи алтын медаль жеңіп алды
Алматылық спортшы тарихи алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Төрешілер элементтердің күрделілігі, жылдамдығы, дәлдігі мен орындалу сапасын бағалайды
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Алматылық спортшы Әнуар Ақылбеков роллер-фристайлдан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қытайдың Лишуй қаласында өткен халықаралық жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысты. Олар роллер-фристайлдың Classic Slalom, Speed Slalom, Pair Slalom, Battle, Jump және Slides бойынша өзара бақ сынады.
Әнуар Ақылбеков Slides бағытында үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл дисциплинада спортшылар роликті конькимен күрделі техникалық сырғанау элементтерін шеберлікпен орындайды.
Ал төрешілер элементтердің күрделілігі, жылдамдығы, дәлдігі мен орындалу сапасын бағалайды.
Айта кетері, роллер-спорт 14-тен астам бағыт бар. Бұл спорт түрі Дүниежүзілік және Азия ойындары секілді ірі халықаралық көпсалалы жарыстардың бағдарламасына енгізілген.
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Жаңалықтар
0