Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

© Photo : Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
Қола медаль иегері:
Шыңғыс Карасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Қазақстандық оқушылар Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
Сонымен қатар Рамазан Бутантаев -(Ақтау қаласы), Аслан Ажибаев (Павлодар қаласы) және Кирилл Тургумбаев (Қостанай облысы) Құрмет грамотасының иегерлері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.
Қарағандылық оқушы атомдық мұзжарғышпен Солтүстік полюске аттанады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Қарағандылық оқушы атомдық мұзжарғышпен Солтүстік полюске аттанады
Жаңалықтар
0