Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

© Photo : Пресс-служба НОК Казахстана Назым Қызайбай
Назым Қызайбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Жаттықтырушылар Асқар Еркебаев пен Елдос Сайдалин І дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталды
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитетінде Спорт күніне орай белгілі боксшылар мен жаттықтырушылар марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаттықтырушылар Асқар Еркебаев пен Елдос Сайдалин, сондай-ақ, боксшылар Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай мен Назым Қызайбай "ҚР Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері" І дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталса, тағы бір жаттықтырушы Долкунжан Камековке дәл осы медальдің ІІ дәрежесі табысталды.
Айта кетері, Асқар Еркебаев Қазақстан құрамасының бас бапкері, Елдос Сайдалин әйелдер құрамасын, ал Долкунжан Камеков Алматыдағы боксшы қыздарды жаттықтырады.
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
Жаңалықтар
0