Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Жазылу
Бұл – көптен күткен, яғни, 32 жылдан кейін қол жеткізген тарихи жүлде, деді президент
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
Касым-Жомарт Токаев наградил чемпиона ХХV зимних Олимпийских игр Михаила Шайдорова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

"Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіріп, құтты болсын дегім келеді. Ақордада жиналып отырған адамдарға, ең алдымен, Михаилдың әкесі мен жеңімпаздың бапкеріне ризашылығымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровтың жеңісі еліміз үшін теңдесі жоқ жетістік саналатынына назар аударды.
"Біріншіден, бұл – көптен күткен, яғни, 32 жылдан кейін қол жеткізген тарихи жүлде. Екіншіден, бұл – мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен алғашқы Олимпиада алтыны. Үшіншіден, күллі әлем елімізде әйгілі спортшы Денис Теннің жолын жалғастыратын дарынды жастардың бар екеніне куә болды. Михаил Шайдоровтың Олимпиадада көрсеткен керемет өнері, сөзсіз, тарихи жетістік, нағыз триумф", – деді президент.
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады - Sputnik Қазақстан
1/4
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады - Sputnik Қазақстан
2/4
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады - Sputnik Қазақстан
3/4
Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
Мемлекет басшысы Олимпиада чемпионының әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровтың еңбегіне айрықша тоқталды. Сонымен қатар салтанатты рәсімде президент чемпионның бапкері, әйгілі спортшы, 1994 жылғы Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Алексей Урмановқа ыстық ықыласын білдірді.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді.
"Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді", – деді Михаил Шайдоров.
Михаил Шайдоров - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстанға оралды
Жаңалықтар
0