Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіАянат Жұмағали
Аянат Жұмағали - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жазылу
Екінші және үшінші орынды өзбекстандық спортшылар иеленді
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні көтеріп, алтынна алқа тақты. Ал екінші және үшінші орынды өзбекстандық спортшылар Дильнура Холдорова (224 (101+123) келі) мен Дильноза Файзуллаева (223 (100+123) келі) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған болатын.
Ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатыр.
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар екі алтын жеңіп алды
Жаңалықтар
0