Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар екі алтын жеңіп алды

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіҚазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Жазылу
Азия чемпионаты Жапонияның Киото қаласында өтіп жатыр
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алтын медаль иегерлері - Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков.
"Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанса, Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Азия чемпионаты Жапонияның Киото қаласында өтіп жатыр.
Диас Аманали - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0