https://sputnik.kz/20260802/qazaqstandyq-baluandar-alem-chempionatynda-eki-altyn-medal-zhenip-aldy-65401968.html
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады 02.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-02T09:38+0500
2026-08-02T09:38+0500
2026-08-02T09:38+0500
күрестен әлем чемпионаты
алтын жүлде
https://sputnik.kz/img/07ea/08/01/65400593_2:156:1243:854_1920x0_80_0_0_09613a479b4296c6320f6b0851cc8edf.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Жарыс Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатыр.Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальды 28 шілде күні грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дияр Аманәлі салды. Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Дияр Аманәлі Венгрия өкілі Кеве Ковачпен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. UWW ережесіне сәйкес, алғашқы нәтижелі әдісті орындаған қазақстандық балуанға жеңіс берілді.Осылайша, Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек әлем чемпионатының жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Қазақстан құрамасына 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының екі алтын медалін сыйлады.
https://sputnik.kz/20260523/qazaqstan-sporty-ushin-tarikhi-oqiga-kuresten-alem-chempionaty-2026-zhyly-astanada-otedi-63664528.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/01/65400593_112:85:1137:854_1920x0_80_0_0_6182490c6a315500b901729675d188ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күрестен әлем чемпионаты, алтын жүлде
күрестен әлем чемпионаты, алтын жүлде
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жарыс Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатыр.
"Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бақдәулет Ағабек финалда Үндістан өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен техникалық басымдық арқылы мерзімінен бұрын жеңіп, әлем чемпионы атанды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальды 28 шілде күні грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дияр Аманәлі салды. Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Дияр Аманәлі Венгрия өкілі Кеве Ковачпен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. UWW ережесіне сәйкес, алғашқы нәтижелі әдісті орындаған қазақстандық балуанға жеңіс берілді.
Осылайша, Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек әлем чемпионатының жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Қазақстан құрамасына 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының екі алтын медалін сыйлады.