Түркістандық әйел сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Павлодар соты жаңа туған нәрестесін сатпақ болған Түркістан тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
2002 жылы туған әйел материалдық қиындықтарға байланысты жүкті кезінде баласын сатуды жоспарлаған.
"Ол "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "бала асырап алғым келеді" атты қауымдастықта хабарландыру жариялап, сатып алушы тауып, жаңа туған қыз баланы 800 000 теңгеге сатуға келіскен", - дейді прокуратура.
Биыл 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жасырын тергеу барысында қылмыстық әрекет әшкереленді. Жедел іс-шара шеңберінде сатып алушы рөлін атқарған тұлғаға сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша қаражаты берілді.
"31 наурызда Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған нәрестені оған қатысты медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы алды", - дейді Павлодар облысының прокуратурасы.
Қылмыстық іс Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ Қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде жазаны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.
Ребенок у окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Қарағандыда қаржыдан қиналған әйел екі баласын сатып жіберген
Жаңалықтар
0