Қарағандыда қаржыдан қиналған әйел екі баласын сатып жіберген

© Photo : ДП Абайской областиРебенок у окна
Ребенок у окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Әйел медбикемен бірге сәбилері үшін 6 миллион теңге алған
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қарағандыда екі баласын 6 млн теңгеге сатты деп айыпталған әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Көпбалалы ана бұл әрекетке қаржылық қиындықтан барғанын айтты. Ол 2022 және 2023 жылдары дүниеге әкелген балаларын туа салысымен екі отбасына таныс медбике арқылы берген.
Әйел Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Бүгін сәбилерді асырап алған отбасылар мен медицина қызметкері, балалардың анасы яғни барлығы 6 адамға қатысты үкім шықты.
Әйел медбикемен бірге сәбилері үшін 6 миллион теңге алған. Құжатта асырап алушылардың күйеулерін баласының әкесі етіп көрсеткен. Осы айғақтар ескеріліп медбике 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал сәбилерді асырап алған 4 ата- ана 8 жылға шартты жаза алды. Олар сотта 15 жыл бойы балаға зар екендерін және балаларды қатты жақсы көретіндерін айтты.
"Айыпталушы қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару мекемесінде өтейді. Медбике азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Екеуі сот залынан тұтқындалсын", - деді судья Дулат Борабаев.
Әлеуметтік желі арқылы бала сатқандар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Әлеуметтік желі арқылы бала сатқан: Алматыда қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0