Әлеуметтік желі арқылы бала сатқан: Алматыда қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Polisia.kzӘлеуметтік желі арқылы бала сатқандар ұсталды
Әлеуметтік желі арқылы бала сатқандар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды
АСТАНА, 4 маусым - Sputnik. Алматыда жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топ ұсталды, хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қылмыстық схема соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген, дейді полициядағылар.
"Негізгі мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді сатып алуға ниетті адамдарға заңсыз жолмен беруді ұйымдастырған. Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті құжатталған. Ақша беру кезінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды", - дейді ведомстводағылар.
Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Басқа өңірлерде де осыған ұқсас эпизодтардың болған-болмағаны тексерілуде.
"Бұл бір реттік әрекет емес. Мұнда тұрақты, тіпті өңіраралық байланыстары бар тізбектің бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Барлық қатысы бар адамды анықтау жұмыстары жалғасуда", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Атырауда әйел жаңа туған сәбилерін сатып жіберген
Жаңалықтар
0