https://sputnik.kz/20260812/qazaqstannyn-aqyly-zholdarynda-zheti-ayda-qansha-kolik-zhurip-otti-65599152.html
Қазақстанның ақылы жолдарында жеті айда қанша көлік жүріп өтті
Қазақстанның ақылы жолдарында жеті айда қанша көлік жүріп өтті
Sputnik Қазақстан
Көлік көп жүретін жолдар ірі қалалар арасындағы қатынасқа, ішкі туризмге, жүк тасымалына және транзиттік қозғалысқа белсенді пайдаланылады 12.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-12T08:00+0500
2026-08-12T08:00+0500
2026-08-12T08:00+0500
ақылы жол
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61941841_0:27:1080:635_1920x0_80_0_0_ae1a8290ba5007eb2776bc179a6fc305.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның республикалық маңызы бар ақылы жолдарында 45 миллионға жуық көлік жүріп өту фактісі тіркелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.Компанияның мәліметінше, көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны Алматы – Қонаев, Шымкент – Өзбекстан шекарасы және Шымкент – Тараз бағыттарында байқалған.Көлік ағыны бойынша Алматы – Қонаев учаскесі көш бастап тұр. Жеті ай ішінде бұл бағытпен 7 149 537 көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 16%-ын құрайды. Тәулігіне орта есеппен 33,7 мыңға жуық көлік қатынаған.Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты – 5 463 475 көлік, үшінші орында Шымкент – Тараз учаскесі – 3 784 782 көлік.Алғашқы бестікке Тараз – Қайнар (3 289 935) және Шымкент – Қызылорда (2 736 666) бағыттары енді.Жалпы статистика көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны Алматы агломерациясы мен елдің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқанын көрсетеді. Тек төрт оңтүстік бағытта – Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар және Шымкент – Қызылорда жолдарында 15,2 млн-нан астам көлік жүріп өткен.Елорда мен өңірлерді байланыстыратын бағыттарда да көлік қозғалысы жоғары. Астана – Теміртау учаскесінде 2 293 893, Астана – Щучинск бағытында 2 219 653, ал Астана – Павлодар жолында 1 401 004 көлік жүріп өткен.Солтүстік өңірлерде елордалық бағыттардан бөлек, Қостанай – Денисовка, Щучинск – Көкшетау және Көкшетау – Петропавл жолдарында көлік ағыны жоғары. Павлодар өңірінде Астана – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау және Павлодар – РФ шекарасы бағыттары белсенді пайдаланылуда.Батыс өңірлерде Ақтөбе – РФ шекарасы, Қандыағаш – Мақат, Орал – РФ шекарасы (Самара және Саратов бағыттары), Бейнеу – Ақжігіт жолдары жоғары сұранысқа ие. Шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарында Алматы – Қорғас, Қонаев – Талдықорған және Үшарал – Достық автожолдарында айтарлықтай көлік қозғалысы тіркелді.
https://sputnik.kz/20260710/aqyly-zholdardyn-tagy-bes-uchaskesinde-ortasha-zhyldamdyq-baqylauga-alyndy-64802825.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61941841_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_1ba6f6225cd9a0b92de86be9b6dcb5f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол, қазақстан
Қазақстанның ақылы жолдарында жеті айда қанша көлік жүріп өтті
Көлік көп жүретін жолдар ірі қалалар арасындағы қатынасқа, ішкі туризмге, жүк тасымалына және транзиттік қозғалысқа белсенді пайдаланылады
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның республикалық маңызы бар ақылы жолдарында 45 миллионға жуық көлік жүріп өту фактісі тіркелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.
Компанияның мәліметінше, көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны Алматы – Қонаев, Шымкент – Өзбекстан шекарасы және Шымкент – Тараз бағыттарында байқалған.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2026 жылдың 1 қаңтары мен 31 шілдесі аралығындағы ақылы жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығына талдау жүргізді. Жеті айдың қорытындысы бойынша ақылы жолдарда барлығы 44 954 050 көлік жүріп өту фактісі тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Көлік ағыны бойынша Алматы – Қонаев учаскесі көш бастап тұр. Жеті ай ішінде бұл бағытпен 7 149 537 көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 16%-ын құрайды. Тәулігіне орта есеппен 33,7 мыңға жуық көлік қатынаған.
Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты – 5 463 475 көлік, үшінші орында Шымкент – Тараз учаскесі – 3 784 782 көлік.
Алғашқы бестікке Тараз – Қайнар (3 289 935) және Шымкент – Қызылорда (2 736 666) бағыттары енді.
Жалпы статистика көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны Алматы агломерациясы мен елдің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқанын көрсетеді. Тек төрт оңтүстік бағытта – Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар және Шымкент – Қызылорда жолдарында 15,2 млн-нан астам көлік жүріп өткен.
Елорда мен өңірлерді байланыстыратын бағыттарда да көлік қозғалысы жоғары. Астана – Теміртау учаскесінде 2 293 893, Астана – Щучинск бағытында 2 219 653, ал Астана – Павлодар жолында 1 401 004 көлік жүріп өткен.
"Рейтинг ақылы жолдар желісінің еліміздің барлық дерлік өңірлеріндегі негізгі көлік бағыттарын қамтитынын көрсетеді. Олардың қатарында оңтүстік пен шығыстағы халықаралық дәліздер, сондай-ақ солтүстік және батыс өңірлерді Ресей Федерациясымен байланыстыратын бағыттар бар", - дейді мамандар.
Солтүстік өңірлерде елордалық бағыттардан бөлек, Қостанай – Денисовка, Щучинск – Көкшетау және Көкшетау – Петропавл жолдарында көлік ағыны жоғары. Павлодар өңірінде Астана – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау және Павлодар – РФ шекарасы бағыттары белсенді пайдаланылуда.
Батыс өңірлерде Ақтөбе – РФ шекарасы, Қандыағаш – Мақат, Орал – РФ шекарасы (Самара және Саратов бағыттары), Бейнеу – Ақжігіт жолдары жоғары сұранысқа ие. Шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарында Алматы – Қорғас, Қонаев – Талдықорған және Үшарал – Достық автожолдарында айтарлықтай көлік қозғалысы тіркелді.