Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Кореяда ұсталды

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiРешетка
Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Оған 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысқан деген айып тағылып отыр
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Интерпол қолдауымен бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған Ұлан Байболовты Кореядан Қазақстанға қайтарды, деп хабарлайды агенттік.
Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жүйелі түрде жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.
"Кәсіпорындар сатып алынып, жалған басшылардың атына қайта тіркелген. Олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізілген. Салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізіліп, кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған"", - дейді агенттік.
Осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірі – "Сфера" ЖШС. 2014 жылы Байболов бұл серіктестік директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.
"Қылмыстық топ мүшелері серіктестіктің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан", - дейді агенттік.
Күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.
Праворульный автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Астанада Кореядан көлік алдырмақ болған 70-тен астам адам тақырға отырды
Жаңалықтар
0