https://sputnik.kz/20251119/astanada-koreyadan-kolik-aldyrmaq-bolgan-70-ten-astam-adam-taqyrga-otyrdy-58864742.html
Астанада Кореядан көлік алдырмақ болған 70-тен астам адам тақырға отырды
Астанада Кореядан көлік алдырмақ болған 70-тен астам адам тақырға отырды
Sputnik Қазақстан
Алаяқ жәбірленушілерге 420 млн теңге шығын келтірген 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T08:56+0500
2025-11-19T08:56+0500
2025-11-19T08:56+0500
астана
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41415167_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_d7046c52481fd0e51ba462af991534d8.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.Сотталушы жәбірленушілерді шетелде танысы бар екеніне сендірген, автокөлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған.Мәселен, алаяқ жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктерді ресми түрде алдағы уақытта тіркейміз деп алдаған.Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын енгізіп жүрген.Сотта прокурорлар қылмыскердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, қылмыстық ниетін орындау мақсатында автокөліктерді жалға беру шартын жасасып, ұрланған ақшалай қаражатты өзінің жеке мақсаттарына пайдаланғанын дәлелдеді.Сотталған өз кінәсін толық мойындады.Сот сотталушыға 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
https://sputnik.kz/20251031/shymkentte-7-zhyl-boyy-zhurtty-aldap-kelgen-akki-alayaq-sottaldy-58365366.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41415167_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7dc936f99b5cd0ff53f66c1c3ec7dda3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, алаяқ, алаяқтық
Астанада Кореядан көлік алдырмақ болған 70-тен астам адам тақырға отырды
Алаяқ жәбірленушілерге 420 млн теңге шығын келтірген
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Сотталушы жәбірленушілерді шетелде танысы бар екеніне сендірген, автокөлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған.
"Алайда жәбірленушілерге берілген көліктерді сотталушы автокөлікті жалға беру компанияларынан уақытша пайдалануға алғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Мәселен, алаяқ жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктерді ресми түрде алдағы уақытта тіркейміз деп алдаған.
Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын енгізіп жүрген.
"Қаскөйдің алаяқтық әрекеттерінен 70-тен астам тұлға зардап шекті, жалпы шығын 420 млн теңгені құрады", - дейді прокуратура.
Сотта прокурорлар қылмыскердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, қылмыстық ниетін орындау мақсатында автокөліктерді жалға беру шартын жасасып, ұрланған ақшалай қаражатты өзінің жеке мақсаттарына пайдаланғанын дәлелдеді.
Сотталған өз кінәсін толық мойындады.Сот сотталушыға 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.