https://sputnik.kz/20251031/shymkentte-7-zhyl-boyy-zhurtty-aldap-kelgen-akki-alayaq-sottaldy-58365366.html
Шымкентте 7 жыл бойы жұртты алдап келген әккі алаяқ сотталды
Шымкентте 7 жыл бойы жұртты алдап келген әккі алаяқ сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Шымкентте 7 жыл бойы тұрғындарды қан қақсатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды қалалық сот. 31.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-31T22:14+0500
2025-10-31T22:14+0500
2025-10-31T22:14+0500
алаяқ
алаяқтық
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Шымкентте 7 жыл бойы тұрғындарды қан қақсатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.Сотталушы адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, 2017-2024 жылдар аралығында бірнеше рет алаяқтық жасаған. Ол өзін аса ірі мөлшерде қарызға пайызбен ақша беретін инвестор ретінде таныстырған.Сотталушы азаматтық тәртіппен қарызды өндіру туралы арызбен тіпті сотқа арызданған.Сотталушының 7 жыл бойғы былығы ақыры ашылып тынды.Алайда ол өз кінәсін толық мойындамай, жауап беруден бас тартқан. Тіпті істеген іс-әрекетіне өкінбей, соттан өзін ақтауды сұраған.Сот айыпталушының Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.
https://sputnik.kz/20251015/ozin-politsiya-qyzmetkeri-retinde-tanystyrgan-alayaq-sottaldy-57906380.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық, шымкент
Шымкентте 7 жыл бойы жұртты алдап келген әккі алаяқ сотталды
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Шымкентте 7 жыл бойы тұрғындарды қан қақсатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.
Сотталушы адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, 2017-2024 жылдар аралығында бірнеше рет алаяқтық жасаған. Ол өзін аса ірі мөлшерде қарызға пайызбен ақша беретін инвестор ретінде таныстырған.
"9 жәбірленушіге мүліктің сатылым бағасына сәйкес келмейтін сомадағы ақшалар берген. Олардың сеніміне кіріп, кепіл, қарыз алу немесе мүлікті сату-сатып алу шарттарын нотариус арқылы жасаған. Жәбірленушілердің мүліктеріне құқықты иемденіп, оны үшінші тұлғаларға тіркеткен", - дейді сот.
Сотталушы азаматтық тәртіппен қарызды өндіру туралы арызбен тіпті сотқа арызданған.
"Ол сот шешімімен жеке сот орындаушыға жүгініп, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті иемдену құқығынан айырған", - дейді ведомство.
Сотталушының 7 жыл бойғы былығы ақыры ашылып тынды.Алайда ол өз кінәсін толық мойындамай, жауап беруден бас тартқан. Тіпті істеген іс-әрекетіне өкінбей, соттан өзін ақтауды сұраған.
Сот айыпталушының Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.