Видео

"eGov бұзылған жоқ": министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

© Sputnik / Тимур БатыршинХалыққа қызмет көрсету орталығының эмблемасы
Халыққа қызмет көрсету орталығының эмблемасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Министрлік darknet-те сатылымға шығарылған файлдарды талдау барысында бұл әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттердің жиынтығы екенін анықтады
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ақпарат кеңістігінде eGov жүйесі бұзылып, Қазақстанның 15 миллион азаматының деректері тарады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп техникалық тексеру жүргізіп, eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталмағанын мәлімдеді.
"Сонымен қатар, біз darknet-те сатылымға шығарылған файлдарға қол жеткіздік. Оларды талдау барысында бұл әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттердің жиынтығы екені анықталды. Және ЕGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі еместігі белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Министрлікте мұны растайтын басқа да фактілер бар екенін, атап айтқанда, жарияланған деректер массивінің көлемі мен мазмұны бір-біріне сәйкес келмейтінін жеткізді.
Бұдан бөлек, eGov жүйелерінде хабарландыру авторы көрсеткендей, паспорттардың скан-көшірмелері сақталатын база жоқ. Цифрлық құжаттар мүлдем басқа тәсілмен қалыптастырылады және сақталады.
"Сондықтан тағы да ресми түрде мәлімдейміз: eGov жүйесі бұзылған жоқ. 15 миллион Қазақстан азаматының деректері eGov жүйелерінен алынды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - дейді министрлікте.
Сондай-ақ ведомствода Darknet-тегі анонимді хабарландырудың өзі жүйенің бұзылғанын немесе деректердің тарағанын дәлелдемейтінін ескертті.
Человек за компьютером, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Министрлік "15 млн адамның жеке дерегі сатылып жатыр" деген ақпаратқа түсініктеме берді
Жаңалықтар
0