https://sputnik.kz/20260812/ministrlik-15-mln-adamnyn-zheke-deregi-satylyp-zhatyr-degen-aqparatqa-tusinikteme-berdi-65635503.html
Министрлік "15 млн адамның жеке дерегі сатылып жатыр" деген ақпаратқа түсініктеме берді
Министрлік "15 млн адамның жеке дерегі сатылып жатыр" деген ақпаратқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Деректер базасында төлқұжат мәліметі, құжаттардың скан-көшірмесі мен құпиясөздер бар екені айтылған 12.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-12T13:06+0500
2026-08-12T13:06+0500
2026-08-12T13:06+0500
қазақстан
жеке ақпарат
https://sputnik.kz/img/322/99/3229995_0:178:3009:1870_1920x0_80_0_0_b74ce9362e2404fe91817e4a9e36dac8.jpg
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде хакердің даркнетте 15 миллион қазақстандықтың жеке дерегін сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді.Әлеуметтік желіде shymzz13 лақап атымен танымал қолданушының жеке деректері бар файлды сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ол файлды 0,5 биткоинге бағалаған. Бұл – шамамен 15 млн теңге. Деректер базасында төлқұжат мәліметі, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, жұмыс орны, құжаттардың скан-көшірмесі мен құпиясөздер бар екені айтылған. Хакер бұл деректерді мемлекеттік eGov сервисін бұзу арқылы алғанын мәлімдеген.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда электронды үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ.Даркнет пайдаланушысының деректер базасының шығу тегіне қатысты мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын растайтын дәлел бола алмайды.Техникалық тексеру жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі.
https://sputnik.kz/20230113/260-myn-otandasymyzdyn-zheke-malimeti-zhelige-taragan-31075465.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/322/99/3229995_138:0:2869:2048_1920x0_80_0_0_42a98d9ceaf3406615d4499210db4393.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жеке ақпарат
Министрлік "15 млн адамның жеке дерегі сатылып жатыр" деген ақпаратқа түсініктеме берді
Деректер базасында төлқұжат мәліметі, құжаттардың скан-көшірмесі мен құпиясөздер бар екені айтылған
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде хакердің даркнетте 15 миллион қазақстандықтың жеке дерегін сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде shymzz13 лақап атымен танымал қолданушының жеке деректері бар файлды сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ол файлды 0,5 биткоинге бағалаған. Бұл – шамамен 15 млн теңге. Деректер базасында төлқұжат мәліметі, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, жұмыс орны, құжаттардың скан-көшірмесі мен құпиясөздер бар екені айтылған. Хакер бұл деректерді мемлекеттік eGov сервисін бұзу арқылы алғанын мәлімдеген.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен бірлесіп, жарияланған ақпаратқа техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ұсынылған деректер үлгілерін талдау және олардың ықтимал шығу көзін анықтау жұмыстары басталды", – дейді министрлік.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда электронды үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ.
"Жарияланымда көрсетілген ақпараттың бір бөлігі электронды үкімет деректерінің құрылымы мен форматына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, eGov жүйесінде паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды, ал цифрлық құжаттардың форматы өзгеше", – дейді министрлік.
Даркнет пайдаланушысының деректер базасының шығу тегіне қатысты мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын растайтын дәлел бола алмайды.Техникалық тексеру жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі.