Бес өңірде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады

Фонд "Даму"
Фонд Даму - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Орталықтардың жұмысы "бір терезе" қағидаты бойынша құрылады
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады. Бұл туралы "Даму" қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев үкіметте өткен кеңесте мәлімдеді.
© Пресс-служба правительства КазахстанаҮкіметте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кеңес өтті
Концепцию создания центров поддержки и сопровождения бизнеса презентовали в правительстве - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кеңес өтті
Оның айтуынша кәсіпкерлер бизнесте қиындықтар туындаған кезде көбінесе қайда жүгіну керектігін білмейді. Өйткені бұл мәселені шешу әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіруі мүмкін. Сондықтан мәселені анықтаудан бастап, оны реттеуге дейінгі бизнесті кешенді сүйемелдеудің бірыңғай тетігін әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.
"Қолдау орталықтарын құру кезінде "Атамекен" ҰКП проблемалық мәселелер тізілімінен 2,4 мыңнан астам ШОБ өтінішіне талдау жасалды. Оның 600-ден астамы пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған өңірлерден келіп түскен. Бизнес өтініштерінің негізгі бөлігі қаржыландыруға қол жеткізу, берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық, өнімді өткізу, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту бойынша консультацияларға қатысты. Сондай-ақ сұраныстардың едәуір бөлігі АӨК секторын қамтиды", - дейді Фархат Сәрсекеев.
Орталықтардың жұмысы "бір терезе" қағидаты бойынша құрылады. Онда "Даму" қорының филиалдары базасында барлық толғандырған мәселе бойынша кеңес алуға болады.
Пилоттық жоба аясында БҚСО бес өңірде:
Астана,
Алматы,
Шымкент,
Солтүстік Қазақстан,
Ақтөбе облыстарында ұйымдастырылады.
Қыркүйектен желтоқсанға дейін созылатын пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігін бағалау жүргізіліп, жобаны еліміздің барлық өңіріне тарату туралы шешім қабылданады.
Купюра тенге на клавиатуре  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Бизнестің цифрлық картасы жасалады
Жаңалықтар
0