Бизнестің цифрлық картасы жасалады

© Sputnik / Владислав ВодневКупюра тенге на клавиатуре
Купюра тенге на клавиатуре  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Кәсіпкерлер туралы деректерді бір жүйеге біріктіру және мемлекеттік қолдауды нақты әрі атаулы түрде көрсету жоспарланып отыр
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бизнестің цифрлық картасы жасалады, ол атаулы мемлекеттік қолдау мен деректер негізінде шешімдер қабылдау үшін жаңа құралға айналады.
Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша жаңадан жүйе құрып емес, оны бірыңғай цифрлық платформаның өзегіне айналдыра отыра, қолданыстағы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін дамыту ұсынылып отыр.
"Бизнестің цифрлық картасы мемлекет, бизнес және қолдау шараларының операторлары үшін бірыңғай экожүйеге айналады. Жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бірыңғай жеке кабинетпен, Қаржы министрлігінің жүйелерімен, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және мемлекеттік қолдау шараларының операторларымен интеграциялау көзделген", - дейді вице-министр.
Нәтижесінде әрбір кәсіпкерлік субъектісінің бірыңғай цифрлық бейіні қалыптастырылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын, даму әлеуетін және тәуекел деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың атаулы шараларын ұсынуға мүмкіндік береді.
"Осылайша, мемлекеттік қолдау саласындағы шешімдер жекелеген статистикалық деректер негізінде емес, кешенді талдау және объективті көрсеткіштер негізінде қабылданатын болады", - деп түйіндеді Бекболат Молдабеков.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Қазақстанда бизнес субъектілерінің саны бір жылда 4,3%-ға артты
Жаңалықтар
0