https://sputnik.kz/20260812/astanada-103-zhasta-bolgan-songy-ardagerdi-aqtyq-saparga-shygaryp-saldy-65657610.html
Астанада 103 жаста болған соңғы ардагерді ақтық сапарға шығарып салды
Астанада 103 жаста болған соңғы ардагерді ақтық сапарға шығарып салды
Sputnik Қазақстан
Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген 12.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-12T17:38+0500
2026-08-12T17:38+0500
2026-08-12T17:39+0500
астана
ардагер
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0c/65655515_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_8caaf8e81f2a640bf264ff366e937e5e.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешев 103 жаста дүниеден өтті. Бүгін елорданың соңғы майдангерін ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Ардагермен қоштасуға қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, мәслихат пен аудан басшысы келді. Ал қорғаныс істері басқармасының бастығы подполковник Серік Қасенов майдангердің отбасына қорғаныс министрі атынан көңіл айтты.Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Кеңес әскері құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға, Великолукск шабуыл операциясына, Польша мен Венгрияны азат етуге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алды. Байкешев ерлігі мен батылдығы үшін I және II дәрежелі Отан соғысы ордендермен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған.Бүгінгі қоштасу рәсіміне Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестр де қатысты. Ал салют командасы қарудан үш дүркін оқ атты.Соғыс ардагері Қабанбай батыр ауылында жерленді. Ол осы жерде ұзақ жылдар бойы совхозда экспедитор болып еңбек еткен.Айта кетері, жақында Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салған. Ол да 103 жасында өмірден өтті.
https://sputnik.kz/20260213/qazaqstanda-76-mynnan-astam-ardager-bar-61150295.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0c/65655515_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_c97a029e41f481a38bc7bab18521477c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ардагер, ұлы отан соғысы
астана, ардагер, ұлы отан соғысы
Астанада 103 жаста болған соңғы ардагерді ақтық сапарға шығарып салды
17:38 12.08.2026 (жаңартылды: 17:39 12.08.2026) Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешев 103 жаста дүниеден өтті. Бүгін елорданың соңғы майдангерін ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Ардагермен қоштасуға қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, мәслихат пен аудан басшысы келді. Ал қорғаныс істері басқармасының бастығы подполковник Серік Қасенов майдангердің отбасына қорғаныс министрі атынан көңіл айтты.
Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Кеңес әскері құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға, Великолукск шабуыл операциясына, Польша мен Венгрияны азат етуге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алды. Байкешев ерлігі мен батылдығы үшін I және II дәрежелі Отан соғысы ордендермен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Бүгінгі қоштасу рәсіміне Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестр де қатысты. Ал салют командасы қарудан үш дүркін оқ атты.
Соғыс ардагері Қабанбай батыр ауылында жерленді. Ол осы жерде ұзақ жылдар бойы совхозда экспедитор болып еңбек еткен.
Айта кетері, жақында Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті
ақтық сапарға шығарып салған. Ол да 103 жасында өмірден өтті.