https://sputnik.kz/20260806/oralda-khalyq-qaarmany-ivan-gapichti-songy-saparga-shygaryp-saldy-65510222.html
Оралда Халық қаһарманы Иван Гапичті соңғы сапарға шығарып салды
Оралда Халық қаһарманы Иван Гапичті соңғы сапарға шығарып салды
Sputnik Қазақстан
Халық қаһарманымен қоштасу рәсіміне қала тұрғындары да келді 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T17:41+0500
2026-08-06T17:41+0500
2026-08-06T17:41+0500
орал
ұлы отан соғысы ардагері
https://sputnik.kz/img/07ea/08/06/65510412_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d87573cac94bf92ac34a7f6196fc588a.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Иван Гапич 103 жасында өмірден өтті. Соғыстан кейін ол ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында қызмет атқарды.Көрнекті тұлғамен қоштасу рәсіміне Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев арнайы қатысты. Ол бас прокурордың атынан Иван Степановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.Халық қаһарманымен қоштасу рәсіміне қала тұрғындары да келді. Иван Гапич әскери оркестрдің сүйемелдеуімен соңғы сапарға шығарылды. Сарбаздар оның құрметіне аспанға үш рет оқ атты.Ардагердің өмір жолыИван Степанович соғысқа 17 жасында аттанған. Ол майданға бару үшін жасын үлкейтіп көрсеткен. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтқан.Ол Польша, Чехословакия және Украинаны азат ету шайқастарына қатысып, ерекше батылдығы мен қайсарлығын көрсетті.1945 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс парадына шақырылған. Сондай-ақ 2010 жылы Жеңіс шеруін тамашалаған.Соғыстан кейін Иван Степанович прокуратура органдарында еңбек етіп, әріптестерінің зор құрметіне ие болды. Ол Қарағанды қаласының Сталин аудандық прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Көкшетау облысының прокуроры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар республика прокуратурасының орталық аппаратында аса маңызды істер жөніндегі тергеуші болды.1966 жылы Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметте 20 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты.2023 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласына барып, 100 жасқа толған Иван Степановичті құттықтады. Сол жылы оған "Халық қаһарманы" атағы берілді.
https://sputnik.kz/20251128/uzaq-omir-suru-qupiyasy-102-zhastagy-ardager-kelinine-algys-aytty-59204703.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/06/65510412_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_10a973e70f8b42fa1325b02e3fcd393c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, ұлы отан соғысы ардагері
орал, ұлы отан соғысы ардагері
Оралда Халық қаһарманы Иван Гапичті соңғы сапарға шығарып салды
Халық қаһарманымен қоштасу рәсіміне қала тұрғындары да келді
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Иван Гапич 103 жасында өмірден өтті. Соғыстан кейін ол ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында қызмет атқарды.
Көрнекті тұлғамен қоштасу рәсіміне Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев арнайы қатысты. Ол бас прокурордың атынан Иван Степановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Иван Степановичтің есімі отандық прокуратура тарихында ерлік пен мемлекетке адал қызмет етудің, өз ісіне шексіз берілгендіктің символы ретінде мәңгі сақталады", – деді Қойгелдиев.
Халық қаһарманымен қоштасу рәсіміне қала тұрғындары да келді. Иван Гапич әскери оркестрдің сүйемелдеуімен соңғы сапарға шығарылды. Сарбаздар оның құрметіне аспанға үш рет оқ атты.
Иван Степанович соғысқа 17 жасында аттанған. Ол майданға бару үшін жасын үлкейтіп көрсеткен. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген
сұхбатында айтқан.
Ол Польша, Чехословакия және Украинаны азат ету шайқастарына қатысып, ерекше батылдығы мен қайсарлығын көрсетті.
1945 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс парадына шақырылған. Сондай-ақ 2010 жылы Жеңіс шеруін тамашалаған.
Соғыстан кейін Иван Степанович прокуратура органдарында еңбек етіп, әріптестерінің зор құрметіне ие болды. Ол Қарағанды қаласының Сталин аудандық прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Көкшетау облысының прокуроры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар республика прокуратурасының орталық аппаратында аса маңызды істер жөніндегі тергеуші болды.
1966 жылы Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметте 20 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты.
2023 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласына барып, 100 жасқа толған Иван Степановичті
құттықтады. Сол жылы оған "Халық қаһарманы" атағы берілді.