Үкіметте 124 теміржол вокзалын жаңғырту мәселесі қаралды

© Photo : Көлік министрлігіБір күнде тоғыз жаңартылған вокзал ашылды
Бір күнде тоғыз жаңартылған вокзал ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Кеңеске облыс әкімдері, салалық министрліктер және "Қазақстан темір жолының" басшылығы қатысты
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Премьер‑министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселесі қаралды, деп хабарлады үкімет.
"Бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жалғасады", - деп жазылған хабарламада.
Кеңес барысында нысандарды салу және жаңғырту мерзімдерін сақтауға, жұмыстардың сапалы орындалуына, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.
Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға теміржол объектілерін пайдалануға беру мерзімдерін сақтауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Боранды теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, салтанатты түрде пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Жамбыл облысында тағы бір вокзал жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0