Сүйінші, көрімдік, садақа: Aitu-да жаңа функция іске қосылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Мессенджерде цифрлық шежіре де дамытылады
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Алдағы уақытта Aitu мессенджерінде сүйінші, садақа мен көрімдікке ақша жіберуге мүмкіндік пайда болады. Бұл туралы BTS Digital компаниялар тобының басқарушы директоры Мақсат Нұриденұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Aitu-ды қазақтың дәстүрі, тілі мен өмір салты ескерілетін ұлттық мессенджер ретінде дамыту жоспарланып отыр. Ол үшін әр отбасыға қажетті түрлі функция іске қосылады. Атап айтқанда, фотосуреттерді сақтауға, маңызды оқиғалардың күнтізбесін жүргізуге және түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға болады.
"Сондай-ақ қазақстандықтарға ортақ дәстүрлермен байланысты сүйінші, көрімдік, асар және садақа сияқты ақша аударымдарын автоматты түрде жүзеге асыру мүмкіндігі ұсынылады", – деді Нұриденұлы үкіметтің бүгінгі отырысында.
Мессенджерде цифрлық шежіре де дамытылады. Қолданушы өзінің ата-тегін және отбасы тарихын ыңғайлы форматта сақтай алады.
"Қазақ тілін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қосымшада қазақ және орыс тілдері арасында автоматты аударма жасау мүмкіндігі болады. Бұл маңызды, өйткені республикада 100-ден астам этнос өкілі тұрады", – деп атап өтті Нұриденұлы.
Айта кетері, бүгінде Aitu-да 6,8 миллион адам тіркелген. Ай сайын қосымшаны 1 миллионнан астам қазақстандық қолданады. Күн сайынғы аудиториясы 100 мыңнан асады, ал ең жоғары көрсеткіш тіркелген күндері бұл сан 210 мың адамға дейін жетеді.
Искусственный интеллект, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
"Өтінішті өзі дайындайды": eGov GPT ұлттық Aitu мессенджеріне енгізіледі
Жаңалықтар
0