Су айдындарында құқық бұзушыларға бір айда 9,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіСу айдындарында құқық бұзушыларға бір айда 9,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Су айдындарында құқық бұзушыларға бір айда 9,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
"Қауіпсіздік азимуты" республикалық профилактикалық акциясы өтіп жатыр
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. ТЖМ қызметкерлері су айдындарында 600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады.

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалар мен адам өлімінің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған "Қауіпсіздік азимуты" республикалық профилактикалық акциясы өтіп жатыр.
"Акция аясында 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олар бойынша жалпы сомасы 9 446 231 теңге көлемінде айыппұл салынды", - дейді ведомство.
ТЖМ азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару кеудешелерін пайдалануға, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға шықпауға шақырады.
Балқаш көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Балқашқа көлікпен кірген жүргізуші қамауға алынды
Жаңалықтар
0