Балқашқа көлікпен кірген жүргізуші қамауға алынды

Балқаш көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Сол кезде суда балалар да шомылып жүрген
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Балқаш көліне көлікпен кірген жүргізушінің қамауға алынғанын хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде көлдің жағалауымен жүрген Mercedes-Benz көлігінің видеосы тараған болатын.
Сол кезде суда балалар да шомылып жүрген. Полиция бұл оқиғаның Алматы облысы Жамбыл ауданында болғанын анықтады. Халыққа қауіп төндірген 40 жастағы жүргізуші ұсталды.
"Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - дейді полицейлер.
Полиция демалыс орындары қауіпті ойын-сауықтың орны емес екенін ескертеді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң алдында жауап береді.
Отшашу - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жамбыл облысында жолда көлік ішінен отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0