https://sputnik.kz/20260811/qyzylorda-oblysynda-tauligine-600-tonnaga-deyin-qyzanaqty-qayta-ondeytin-zauyt-salynady-65610311.html
Қызылорда облысында тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады
Қызылорда облысында тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салынбақ 11.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-11T16:40+0500
2026-08-11T16:40+0500
2026-08-11T16:40+0500
қызылорда облысы
зауыт
қызанақ
https://sputnik.kz/img/old/881/38/8813863_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_3183c70dcfab2d71029b2441443d9c59.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ."Alpecon Group" компаниясы кәсіпорынды жаңғыртып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр.Кәсіпорынды қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін инвестор қызанақ өсіруге арналған шамамен 2 300 гектар суармалы жерді игеруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен шикізат сатып алу көзделген. Бұл ретте жоба қызанақты өсіру, оны қайта өңдеу және дайын өнім өндіруді біртұтас өндірістік жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.Жобаның негізгі маңызы – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, олардың қосылған құнын арттыру болып отыр.
https://sputnik.kz/20260621/almaty-oblysynda-zhylyna-70-myn-tonna-zhemis-kokonis-ondeytin-zauyt-ashyldy-64296887.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/881/38/8813863_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_af833ab0e22e11392a307c44d1414111.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, зауыт, қызанақ
қызылорда облысы, зауыт, қызанақ
Қызылорда облысында тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салынбақ
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ.
"Alpecon Group" компаниясы кәсіпорынды жаңғыртып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр.
"Жоба аясында "ATMO AGRO" ЖШС-нің өндірістік нысандарын сатып алып, технологиялық жабдықтарды жаңарту, өндірістік және қосалқы нысандарды жөндеу, сондай-ақ арнайы техника сатып алу жоспарланған. Кәсіпорын жаңғыртылғаннан кейін тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдей алады", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Кәсіпорынды қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін инвестор қызанақ өсіруге арналған шамамен 2 300 гектар суармалы жерді игеруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен шикізат сатып алу көзделген. Бұл ретте жоба қызанақты өсіру, оны қайта өңдеу және дайын өнім өндіруді біртұтас өндірістік жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.
Жобаның негізгі маңызы – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, олардың қосылған құнын арттыру болып отыр.