https://sputnik.kz/20260621/almaty-oblysynda-zhylyna-70-myn-tonna-zhemis-kokonis-ondeytin-zauyt-ashyldy-64296887.html
Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өңдейтін зауыт ашылды
Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өңдейтін зауыт ашылды
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған 21.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-21T17:41+0500
2026-06-21T17:41+0500
2026-06-21T17:41+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
зауыт
көкөністер
https://sputnik.kz/img/07ea/06/15/64297245_0:0:1079:608_1920x0_80_0_0_75db9a9d138105752ef2f50743c28192.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін терең өңдейтін зауыт ашылды. Қазақстанда баламасы жоқ бұл кәсіпорын өңдеу өнеркәсібін дамытуда және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқармақ.Жоба "Alpecon Group" серіктестігі мен Түркияның жетекші Göknur Gıda компаниясының серіктестігі негізінде жүзеге асырылды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңгені құрады. Өндірістік кешен 30 гектар аумақта орналасқан. Екінші кезеңде алма қалдықтарынан пектин өндіру көзделген. Бұл әлемдік тамақ өнеркәсібіндегі ең перспективалы салалардың бірі саналады және қазіргі уақытта Қытай, Германия және АҚШ сияқты санаулы елдерде ғана дамыған. Жоспар бойынша кәсіпорын жыл сайын 1000 тоннаға дейін пектин және 3000 тонна алма талшығын өндіріп, Оңтүстік Корея мен Жапония нарықтарына экспорттайды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Өндірістік қуатының артуына қарай қызметкерлер саны да көбеймек.
https://sputnik.kz/20260604/-turkistan-oblysynda-dron-ondiretin-zauyt-iske-qosyldy-63916478.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/15/64297245_42:0:1002:720_1920x0_80_0_0_707199b03005fde4bc2975934bc023db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, зауыт, көкөністер
ауыл шаруашылығы министрлігі, зауыт, көкөністер
Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өңдейтін зауыт ашылды
Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін терең өңдейтін зауыт ашылды. Қазақстанда баламасы жоқ бұл кәсіпорын өңдеу өнеркәсібін дамытуда және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқармақ.
Жоба "Alpecon Group" серіктестігі мен Түркияның жетекші Göknur Gıda компаниясының серіктестігі негізінде жүзеге асырылды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңгені құрады. Өндірістік кешен 30 гектар аумақта орналасқан.
"Жобаны іске асыру екі кезең бойынша қолға алынуда. Бірінші кезеңде кәсіпорын жылына 70 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс шикізатын өңдеп, 13 мың тонна жеміс-көкөніс шырындарының концентраттарын, пюре мен пасталарын өндіретін болады. Өнім негізінен экспортқа бағытталған, оның ішінде Түркия елі нарығына жеткізіледі", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Екінші кезеңде алма қалдықтарынан пектин өндіру көзделген. Бұл әлемдік тамақ өнеркәсібіндегі ең перспективалы салалардың бірі саналады және қазіргі уақытта Қытай, Германия және АҚШ сияқты санаулы елдерде ғана дамыған. Жоспар бойынша кәсіпорын жыл сайын 1000 тоннаға дейін пектин және 3000 тонна алма талшығын өндіріп, Оңтүстік Корея мен Жапония нарықтарына экспорттайды.
Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Өндірістік қуатының артуына қарай қызметкерлер саны да көбеймек.