https://sputnik.kz/20260811/ishki-ister-ministrligi-zhurgizushilerdi-baqylau-kusheytilip-zhatqanyn-eskertti-65598253.html
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді бақылау күшейтіліп жатқанын ескертті
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді бақылау күшейтіліп жатқанын ескертті
Sputnik Қазақстан
Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады 11.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-11T10:28+0500
2026-08-11T10:28+0500
2026-08-11T10:28+0500
жол жүру ережесі
дрон
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831026_124:156:890:587_1920x0_80_0_0_677b03d06be613a7137bdc53eceee5a4.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысын бақылау күшейтіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, жол ережесін бұзғандарды анықтауға дрондар, патрульдік автокөліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік кешендер көмектеседі.Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер де жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар көлік ағынының арасынан ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын бұзу сияқты деректерді автоматты түрде анықтайды.Оның айтуынша цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият назар аударуына ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20260801/elektrsamokattarga-qanday-shekteu-engizildi--manyzdy-10-suraqtyn-zhauaby-65399267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831026_103:102:769:602_1920x0_80_0_0_b554e05c9ea7ca54822e3364260bf465.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, дрон, жүргізуші
жол жүру ережесі, дрон, жүргізуші
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді бақылау күшейтіліп жатқанын ескертті
Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысын бақылау күшейтіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, жол ережесін бұзғандарды анықтауға дрондар, патрульдік автокөліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік кешендер көмектеседі.
"Мәселен, ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын әуеден бақылайды. Олар жылдамдықты асырған және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілерді тіркейді. Ең бастысы дрондар құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі", - дейді Айтпаев.
Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер де жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар көлік ағынының арасынан ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын бұзу сияқты деректерді автоматты түрде анықтайды.
"Қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі қолданылады. Қазіргі таңда бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген. Сонымен қатар жол апатының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылып жатыр. Олар түнгі уақытта, ауа райы қолайсыз кезде және жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын анықтауда ерекше маңызды", - деп толықтырды ІІМ өкілі.
Оның айтуынша цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият назар аударуына ықпал етеді.