Ботаникалық бақта пикник ұйымдастыруға бола ма - полиция жауап берді

Ботанический сад Астаны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Елордалықтар сүйікті демалыс орнындағы тұрақты рейдтерге алаңдаулы
АСТАНА, 11 тамыз-Sputnik. Астанадағы ботаникалық саябақта пикник ұйымдастыруға бола ма? Тілшіміздің бұл сұрағына полиция жауап берді.
Елордалықтарды әлеуметтік желілерде сүйікті демалыс орнында рейдтер тұрақты болып тұрады, деген хабарламалар алаңдатып қойды.
Ботанический сад Астаны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Ботанический сад Астаны
Қоқыс тастауға, сауда жасауға, пикник ұйымдастыру және рұқсатсыз балалар көлігін жалға беруге тыйымдар салынған. Тыйымды елемегендер 20 АЕК айыппұл яғни, 86 500 теңге төлейді. Бұл қаншалықты рас? Енді ашық ауада пикник жасай алмайсыз ба?
Sputnik Қазақстан осы сауалдардың жауабын білу үшін Есіл ауданының полициясына жүгінді. Полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Туляповтың айтуынша, пикник ұйымдастыруға тыйым салынбаған. Алайда ол үшін кейбір ережелерді сақтау керек.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарына пикниктерді өткізуге қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске саламыз. Ашық алаңқайда от жағуға, жабдықталмаған жерлерде кебаб пісіруге және қоқыс тастауға қатаң тыйым салынады", - деді Туляпов.

Ботанический сад Астаны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Ботанический сад Астаны
Полиция өкілі өрт қауіпсіздігі талаптарын және аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін (белгіленбеген жерлерде қалдықтарды шығару) әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан 505-бапты сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы республикалық кодексте қандай айыппұл қарастырылғанын нақтылады:
Бірінші бұзушылық кезінде жеке тұлғаға ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар үшін айыппұл қазірдің өзінде жоғары – 30 АЕК (шамамен 130 мың теңге);
орта бизнес үшін – 40 АЕК (173 мың теңге );
ірі бизнес үшін – 100 АЕК (432,5 мың теңге).
Егер бір жыл ішінде қайта қолға түссе, ірі бизнесті қоспағанда, сомалар тура 10 АЕК-ке (43 250 теңгеге) өседі.
Тюльпаны Грейга - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды
Жаңалықтар
0