Жамбылдық TikTok стример психикалық орталыққа жатқызылды

© Sputnik / Юлия КузнецоваАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Лайло Қасымова TikTok әлеуметтік желісінде "Золотая женщина" лақап атымен танылған
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында балағат сөз айтқаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған стример келіншекті психикалық орталықа жатқызуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова TikTok әлеуметтік желісінде "Золотая женщина" лақап атымен танылған. Бұған дейін тікелей эфирде балағат сөз айтқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция оған бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ профилактикалық жұмыстарға қарамастан, әйел ол әрекеттерін жалғастыра берген. Кәмелетке толмаған балаларын да тікелей эфирде балағаттаған.
"Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды", - дейді полицейлер.
Балалар әкесінің қарауында қалды.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Әлеуметтік желіде бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды
Жаңалықтар
0