Әлеуметтік желіде бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Полиция әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер мен өзге де жарияланымдар заң талаптарына сәйкес болуы тиіс екенін ескертеді
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Шымкентте әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлалы ішкі істер министрлігі.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқанын айтады.
Кезекті мониторинг барысында 39 жастағы қала тұрғыны Қуанышбек Умарбековтің TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.
"Аталған құқық бұзушылық үшін ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады полицияда.
Полиция әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер мен өзге де жарияланымдар заң талаптарына сәйкес болуы тиіс екенін ескертеді.
"Лайк, қаралым немесе танымалдық үшін қоғамдық тәртіпті бұзу, әдепсіз әрекеттер жасау және құқыққа қайшы контент тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады", - дейді полицейлер.
Минитсрлікте заң цифрлық кеңістікте де баршаға бірдей қолданылатынын еске салды.
Иконка мобильного приложения TikTok на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
TikTok-та балағат сөздер айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды
Жаңалықтар
0