TikTok-та балағат сөздер айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

© Sputnik / Рамиль СитдиковИконка мобильного приложения TikTok на экране мобильного телефона
Иконка мобильного приложения TikTok на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Сот шешімімен ер адам жауапқа тартылды
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. TikTok-та балағат сөздер айтқан Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды полиция.
TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен азамат полиция назарына ілікті.

Тексеру барысында “Тау адам” лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екені анықталды.

Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
TikTok - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Балағат сөз айтып, әдепсіз әрекет көрсеткен 20-дан астам стример жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0