Балағат сөз айтып, әдепсіз әрекет көрсеткен 20-дан астам стример жауапқа тартылды

© Photo : UnsplashTikTok
TikTok - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Олар тіпті қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазіргі таңда республика бойынша заң талаптарын бұзған 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Көп қаралым, лайк және донат жинауды көздеген олар тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған", - дейді полицейлер.
Мысалы, Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Қасенова TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан. Бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған ол бұл жолы әкімшілік айыппұл арқалады.
Павлодар қаласында 26 жастағы Аслан Амантаев көлік тізгінінде отырып тікелей эфир жүргізген, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Соттың шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар Түркістан қаласында "bayan_kyz", "fatima.sh0000" және "fatima_s003" никнеймдерімен танымал Баян Шанкеева жауапкершілікке тартылды. Ол тікелей эфирлерде бейәдеп сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Сот оған әкімшілік айыппұл тағайындады.
ІІМ цифрлық кеңістікті құқыққа қайшы контенттен тазарту және қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыратынын хабарлады.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Балағат сөз айтып, қауіпті пранк ұйымдастырған: 9 стример жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0