Балағат сөз айтып, қауіпті пранк ұйымдастырған: 9 стример жауапқа тартылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Олар лайк, қаралым және донат үшін заңға қайшы контент таратқан
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде заңға қайшы контент таратқан тоғыз стримерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылар лайк, қаралым мен донат жинау үшін TikTok-тағы тікелей эфирлерде балағат сөз айтып, әдепсіз әрекет жасап, қауіпті пранк ұйымдастырған және адамдарды қорлаған. Мұндай эфирлерді кәмелетке толмағандар да көрген.
Астанада TikTok-та "Бауырсақ" лақап атымен танылған 37 жастағы тұрғын Индира Ештаева тікелей эфир барысында балағат сөз айтып, заңға қайшы контент таратқаны үшін ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік айыппұл арқалады.
Ал Алматыда 32 жастағы Ақтөре Батырбек тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, айналасындағыларды қорлағаны үшін сот шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Шымкентте 20 жастағы Данияр Сейдалиев аудиторияның назарын аудару мақсатында тікелей эфирде электрошокер қолданып, адам ұрлау көрінісін әдейі ұйымдастырған. Сондай-ақ эфир барысында балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сегіз тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Жамбыл облысында "Алтын қыз" лақап атымен танылған 41 жастағы Лайло Қасымова бірнеше рет тікелей эфирде балағат сөз айтып, заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ осы өңірде 19 жастағы Жарқынай Байбек пен Асылжан Танабергеновтың TikTok-та донат жинау және аудитория тарту мақсатында тікелей эфирде бір-біріне әдейі дене жарақатын салып, "хайп" үшін контент жасағаны анықталды. Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі істер министрлігі анонимді аккаунттың немесе телефон экранының ар жағында жасырынып қалуға болмайтынын ескертті.
"Кез келген құқық бұзушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті құрал Ішкі істер министрлігінде бар", – деп мәлімдеді ведомство.
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Алматыда сахнада былапыт сөз айтқан әншіге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0