Депозитте 25 трлн теңге жатыр: ақшаның ең көп бөлігі қай өңірде

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине, архивное фото
Знак процента в витрине, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Депозиттегі қаражаттың 84%-ы, яғни 21 трлн теңгесі ұлттық валютамен сақталған
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктердегі депозиттерінде жатқан қаражат көлемі 25 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда барлық депозиттегі қаражаттың 84%-ы, яғни 21 трлн теңгесі ұлттық валютамен сақталған. Қалған бөлігі АҚШ долларындағы депозиттерге тиесілі.
Депозиттердегі қаражаттың басым бөлігі бірнеше өңірге тиесілі. Ең көп ақша мына өңірлерде жинақталған:
1.
Алматы – 9,6 трлн теңге;
2.
Астана – 3,2 трлн теңге;
3.
Қарағанды облысы – 1,4 трлн теңге;
4.
Батыс Қазақстан облысы – 1,2 трлн теңге;
5.
Шымкент – 1,1 трлн теңге.
Ал депозиттердегі қаражат көлемі ең аз өңірлер қатарында Жетісу облысы – 303,9 млрд теңге, Алматы облысы – 232,4 млрд теңге және Ұлытау облысы – 168,2 млрд теңге бар.
Айта кетері, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 15%-ға өсіп, 28 трлн теңгеден асқан болатын.
Қазақстандықтар қаражатын сақтау және көбейту үшін депозиттермен қатар басқа да қаржы құралдарына назар аудара бастады.
Бүгінде елдің қаржы нарығында инвестициялаудың түрлі құралдары бар. Олардың қатарында:
банктердің депозиттік сертификаттары;
Ұлттық банк шығаратын өлшемді алтын құймалары;
пайлық инвестициялық қорлар;
өмірді сақтандыру өнімдері;
қор нарығының басқа да құралдары бар.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Дерекқор
Ақша аларда шектеу бар: депозит ашатындар нені білуі қажет
Жаңалықтар
0