https://sputnik.kz/20260809/mektep-meditsinasy-tsifrlyq-formatqa-koshirilip-zhatyr---bala-densaulygy-qalay-baqylanady-65562102.html
Мектеп медицинасы цифрлық форматқа көшіріліп жатыр - бала денсаулығы қалай бақыланады
Мектеп медицинасы цифрлық форматқа көшіріліп жатыр - бала денсаулығы қалай бақыланады
Sputnik Қазақстан
Мектеп медицинасы бір реттік профилактикалық тексерулерден баланың денсаулығын жүйелі түрде цифрлық сүйемелдеуге біртіндеп көшіп жатыр 09.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-09T16:38+0500
2026-08-09T16:38+0500
2026-08-09T16:38+0500
бала
мектеп
медицина
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63621508_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a15f18805963f12a7c27ce2282d939f0.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық диагностикалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіліп, оның нәтижелері цифрлық медициналық жүйелерде тіркелетін мектеп медицинасының жаңа моделі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында мектеп медицинасының дамуына арналған көшпелі кеңестер өткізді. Талқылауға 400-ден астам маман – денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының өкілдері, мектеп медицинасы қызметкерлері және бейінді мамандар қатысты.Жаңа модельдің негізгі элементтерінің бірі – мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулерін цифрландыру.Осылайша, мектеп медицинасы бір реттік профилактикалық тексерулерден баланың денсаулығын жүйелі түрде цифрлық сүйемелдеуге біртіндеп көшуде.Негізгі басымдық – профилактика және ерте анықтауЖаңа модель профилактикалық бағытты күшейтуді көздейді. Негізгі міндет – денсаулықтағы ықтимал бұзылыстар мен қауіп факторларын ерте кезеңдерде анықтау. Бұл кезде уақытылы профилактикалық шаралар барынша тиімді нәтиже бере алады.Бұл ретте мектеп медицинасы қызметкерлері аталған жүйенің маңызды бөлігіне айналады. Олардың жұмысы медициналық тексерулер жүргізумен ғана шектелмейді. Ол аурулардың алдын алуды, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді, балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды және МСАК ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтиды.Денсаулық – мектеп мәдениетінің бір бөлігіКеңестер барысында оқушылардың салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыруға және профилактикалық мәдениетті дамытуға бағытталған "Саламатты мектеп" жобасы да таныстырылды.Мектеп медицинасының кадрлық қамтамасыз етілуіне, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және медициналық ұйымдардың жаңа тәсілдерді енгізуге дайындығына ерекше назар аударылды."Жаңа модель мектеп медицинасының заманауи, цифрлық және профилактикалық сипатын күшейтуге бағытталған. Бұл баланың денсаулық жағдайын белгілі бір уақыттағы көрсеткіш бойынша ғана бағалап қоймай, оның өзгерістерін динамикада тұрақты бақылауға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20260508/mekteptegi-profilaktikalyq-tekserister-tolyq-tsifrlandyrylady-63259823.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63621508_51:0:1011:720_1920x0_80_0_0_33a600e0c331dd9b93be5caca6d87dd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, мектеп, медицина
Мектеп медицинасы цифрлық форматқа көшіріліп жатыр - бала денсаулығы қалай бақыланады
Мектеп медицинасы бір реттік профилактикалық тексерулерден баланың денсаулығын жүйелі түрде цифрлық сүйемелдеуге біртіндеп көшіп жатыр
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық диагностикалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіліп, оның нәтижелері цифрлық медициналық жүйелерде тіркелетін мектеп медицинасының жаңа моделі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында мектеп медицинасының дамуына арналған көшпелі кеңестер өткізді. Талқылауға 400-ден астам маман – денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының өкілдері, мектеп медицинасы қызметкерлері және бейінді мамандар қатысты.
Жаңа модельдің негізгі элементтерінің бірі – мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулерін цифрландыру.
"Тексеру жүргізу кезінде заманауи цифрлық диагностикалық құрылғыларды пайдалану, ал алынған нәтижелерді ақпараттық жүйелерде автоматты түрде тіркеу жоспарланып отыр. Бұл баланың денсаулық жағдайы туралы неғұрлым толық мәлімет қалыптастыруға және оның өзгерістерін динамикада бақылауға мүмкіндік береді. Егер оқушыда белгілі бір қауіп факторлары немесе денсаулық көрсеткіштерінде өзгерістер анықталса, ақпаратты одан әрі бақылау, қосымша тексеру жүргізу немесе медициналық көмек көрсету үшін МСАК мамандарына жедел жіберуге болады", - дейді министрік.
Осылайша, мектеп медицинасы бір реттік профилактикалық тексерулерден баланың денсаулығын жүйелі түрде цифрлық сүйемелдеуге біртіндеп көшуде.
Негізгі басымдық – профилактика және ерте анықтау
Жаңа модель профилактикалық бағытты күшейтуді көздейді. Негізгі міндет – денсаулықтағы ықтимал бұзылыстар мен қауіп факторларын ерте кезеңдерде анықтау. Бұл кезде уақытылы профилактикалық шаралар барынша тиімді нәтиже бере алады.
Бұл ретте мектеп медицинасы қызметкерлері аталған жүйенің маңызды бөлігіне айналады. Олардың жұмысы медициналық тексерулер жүргізумен ғана шектелмейді. Ол аурулардың алдын алуды, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді, балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды және МСАК ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтиды.
Денсаулық – мектеп мәдениетінің бір бөлігі
Кеңестер барысында оқушылардың салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыруға және профилактикалық мәдениетті дамытуға бағытталған "Саламатты мектеп" жобасы да таныстырылды.
Мектеп медицинасының кадрлық қамтамасыз етілуіне, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және медициналық ұйымдардың жаңа тәсілдерді енгізуге дайындығына ерекше назар аударылды.
"Жаңа модель мектеп медицинасының заманауи, цифрлық және профилактикалық сипатын күшейтуге бағытталған. Бұл баланың денсаулық жағдайын белгілі бір уақыттағы көрсеткіш бойынша ғана бағалап қоймай, оның өзгерістерін динамикада тұрақты бақылауға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.