https://sputnik.kz/20260508/mekteptegi-profilaktikalyq-tekserister-tolyq-tsifrlandyrylady-63259823.html
Мектептегі профилактикалық тексерістер толық цифрландырылады
Мектептегі профилактикалық тексерістер толық цифрландырылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық мектепте профилактикалық тексерулер мен мектеп медицинасының жаңартылған форматын... 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T10:14+0500
2026-05-08T10:14+0500
2026-05-08T10:19+0500
мектеп
оқушы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/08/63258862_0:249:3035:1957_1920x0_80_0_0_7bbaeff3ea31abd2cdf6d362bc32372c.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық мектепте профилактикалық тексерулер мен мектеп медицинасының жаңартылған форматын кезең-кезеңімен енгізу басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Әлназарова мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық тексерудің қолданыстағы моделі жеткілікті деңгейде тиімді еместігін және формалды сипатта қалып отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда басымдық диагностика сапасына емес, сандық көрсеткіштерге беріліп келеді.Қолданыстағы мәселелерді шешу үшін профилактикалық тексерулердің қазіргі моделін өзгерту, нәтижелерді өңдеуге арналған цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ функциялардың бір бөлігін орта буын медицина қызметкерлеріне беру көзделіп отыр.Балаларды профилактикалық медициналық тексеру жүйесін жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдарын цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой-өлшеуіш және таразылармен, отоскоптармен, сондай-ақ деректерді автоматты түрде жіберетін телемедициналық кешендермен жабдықтау жоспарланып отыр.Алдағы уақытта интраоральды камералармен, плантографтармен және авторефрактометрлермен қосымша жарақтандыру көзделген.Министр балаларды профилактикалық медициналық тексеру шараларын толық цифрландыруды және барлық деректі Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне интеграциялауды, сондай-ақ баланың электронды денсаулық паспортын қалыптастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/08/63258862_45:0:2776:2048_1920x0_80_0_0_db19711a0f2aa9d2d46e7307516a83ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық мектепте профилактикалық тексерулер мен мектеп медицинасының жаңартылған форматын кезең-кезеңімен енгізу басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Балалардың денсаулығына қатысты барлық дерек жүйелі түрде жинақталып, талданып және адам өмірінің барлық кезеңінде сүйемелденуге тиіс. Бұл бақылаудың сабақтастығын қамтамасыз етіп, ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова аппараттық кеңес барысында.
Әлназарова мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық тексерудің қолданыстағы моделі жеткілікті деңгейде тиімді еместігін және формалды сипатта қалып отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда басымдық диагностика сапасына емес, сандық көрсеткіштерге беріліп келеді.
Қолданыстағы мәселелерді шешу үшін профилактикалық тексерулердің қазіргі моделін өзгерту, нәтижелерді өңдеуге арналған цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ функциялардың бір бөлігін орта буын медицина қызметкерлеріне беру көзделіп отыр.
Балаларды профилактикалық медициналық тексеру жүйесін жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдарын цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой-өлшеуіш және таразылармен, отоскоптармен, сондай-ақ деректерді автоматты түрде жіберетін телемедициналық кешендермен жабдықтау жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта интраоральды камералармен, плантографтармен және авторефрактометрлермен қосымша жарақтандыру көзделген.
Министр балаларды профилактикалық медициналық тексеру шараларын толық цифрландыруды және барлық деректі Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне интеграциялауды, сондай-ақ баланың электронды денсаулық паспортын қалыптастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.