"Кінәлілер әділ жазасын алады": 13 жастағы баланың өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жазылу
Тексеру қорытындысы бойынша аурухана директоры атқарып отырған қызметінен босатылды
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстау облысында 13 жасар баланың көз жұмуына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен Ақтау қаласының №2 қалалық емханасында медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталған.
"Тексеру қорытындысы бойынша облыстық балалар ауруханасының директоры атқарып отырған қызметінен босатылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді", - деп жазды Әлназарова желідегі парақшасында.
Ол көз жұмған баланың анасын Астанада қабылдайтынын атап өтті.
"Бұл – отбасы үшін орны толмас қасірет. Кінәлілер әділ жазасын алады", - деп түйіндеді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау тұрғыны 13 жастағы ұлының дер кезінде диагноз қойылмауы салдарынан көз жұмғанын айтып, істің әділ тергелуін талап еткен болатын.
Больница - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Батыс Қазақстан тұрғыны дәрігердің салғырттығынан бір аяғынан айырылды
Жаңалықтар
0