https://sputnik.kz/20241120/batys-qazaqstan-turgyny-darigerdin-salgyrttygynan-bir-ayagynan-ayyryldy-48674698.html
Батыс Қазақстан тұрғыны дәрігердің салғырттығынан бір аяғынан айырылды
Батыс Қазақстан тұрғыны дәрігердің салғырттығынан бір аяғынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Батыс Қазақстан тұрғыны дәрігердің салғырттығынан бір аяғынан айырылды 20.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-20T14:49+0500
2024-11-20T14:49+0500
2024-11-20T14:49+0500
дәрігер
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748065_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_99474ee8b233a8adb9f4325fedc8f6ff.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында науқас дәрігердің қателігінен аяғынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Аудандық сотта Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша іс қаралды.Батыс Қазақстан сотында хабарланғандай, сотталушы аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеген. Сондықтан емдік-профилактикалық көмек көрсету – оның тікелей кәсіби міндеті. Алайда ол осы міндетіне немқұрайлылықпен қараған.Іс материалдарында көрсетілгендей, жәбірленуші 2023 жылдың 25 қазанында сағат 18.25-те жұмысына байланысты аяғынан жарақат алған. Ауруханаға жеткізілгенде оны антисептиктермен емдеген. Осыған байланысты ірің жиналып қалып, содан ісініп, салдарынан сұйықтық пайда болған. Бұл тіндердің қысылуына әкеліп, инфекцияның жайылып, асқынып кеткен.Содан кейін 2023 жылдың 10 қарашасында жәбірленушінің жарақаттанған оң аяғы тобық деңгейінде кесілген.Алайда сотта жәбірленуші хирург оған келтірілген шығынды өтегенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын, оны кешіргенін және қылмыстық істі тоқтату туралы арыз бергенін айтты."Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, оларға баға бере келе, сотталушы жасаған қылмыстық әрекет аса ауыр емес қылмыстар санатына жататынын анықтады", - деп хабарлады облыстық соттағылар.Осылайша сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748065_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_2c0ad164022f2ddbaf2db8a648a1430a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, батыс қазақстан облысы
дәрігер, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстан тұрғыны дәрігердің салғырттығынан бір аяғынан айырылды
Батыс Қазақстан тұрғыны дәрігердің салғырттығынан бір аяғынан айырылды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында науқас дәрігердің қателігінен аяғынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Аудандық сотта Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша іс қаралды.
Батыс Қазақстан сотында хабарланғандай, сотталушы аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеген. Сондықтан емдік-профилактикалық көмек көрсету – оның тікелей кәсіби міндеті. Алайда ол осы міндетіне немқұрайлылықпен қараған.
Іс материалдарында көрсетілгендей, жәбірленуші 2023 жылдың 25 қазанында сағат 18.25-те жұмысына байланысты аяғынан жарақат алған. Ауруханаға жеткізілгенде оны антисептиктермен емдеген. Осыған байланысты ірің жиналып қалып, содан ісініп, салдарынан сұйықтық пайда болған. Бұл тіндердің қысылуына әкеліп, инфекцияның жайылып, асқынып кеткен.
Содан кейін 2023 жылдың 10 қарашасында жәбірленушінің жарақаттанған оң аяғы тобық деңгейінде кесілген.
Алайда сотта жәбірленуші хирург оған келтірілген шығынды өтегенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын, оны кешіргенін және қылмыстық істі тоқтату туралы арыз бергенін айтты.
"Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, оларға баға бере келе, сотталушы жасаған қылмыстық әрекет аса ауыр емес қылмыстар санатына жататынын анықтады", - деп хабарлады облыстық соттағылар.
Осылайша сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.