Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

© PhotoАлан Курмангалиев
Алан Курмангалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жазылу
Ол финалда аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтты
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді.
"Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді", - деп жазылған хабарламада.
Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.
Тоқаев Алматыда үстел теннисін ойнады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады
Жаңалықтар
0