Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Алматыда үстел теннисін ойнады
Тоқаев Алматыда үстел теннисін ойнады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер!", – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.
Алан Құрманғалиев мысырлық Ханой Годамен бірге Тунисте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.
Алан Құрманғалиев Хана Годамен (Мысыр) бірге тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2022
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
0