Қазақстан мен Грекия Каспий құбыр консорциумына қатысты ахуалды талқылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМИД Казахстана
МИД Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Кездесуде кемелердің қауіпсіздігін және теңіз қатынасының еркіндігін қамтамасыз етудің маңыздылығы сөз болды
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Грекия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Антониа Кацуруды қабылдады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту болашағын, көпжақты форматтарда өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар кестесін талқылады.
Ашықбаев энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Осы тұрғыда тараптар қазақстандық мұнайды еуропалық нарықтарға экспорттауда стратегиялық маңызға ие Каспий құбыр консорциумының (КҚК) айналасындағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын, халықаралық нарықтарға энергия ресурстарының үздіксіз әрі орнықты жеткізілуін, сондай-ақ кемелердің қауіпсіздігін және теңіз қатынасының еркіндігін қамтамасыз етудің маңыздылығы талқыланды.
Өз кезегінде Грекия елшісі энергетика, сауда, инвестициялар, көлік және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға грек тарапының дайын екенін растады.
Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті, деп хабарлады министрлік.
ВПУ на Морском терминале КТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина АҚШ-қа Қара теңіздегі КҚК нысандарына шабуыл жасамауға уәде берді - БАҚ
Жаңалықтар
0