https://sputnik.kz/20260808/ukraina-aqsh-qa-qara-tenizdegi-kqk-nysandaryna-shabuyl-zhasamauga-uade-berdi---baq-65542491.html
Украина АҚШ-қа Қара теңіздегі КҚК нысандарына шабуыл жасамауға уәде берді - БАҚ
Украина АҚШ-қа Қара теңіздегі КҚК нысандарына шабуыл жасамауға уәде берді - БАҚ
Sputnik Қазақстан
Бұл ретте Украина кеме иелерінен бірқатар талапты орындауды талап еткен 08.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-08T09:36+0500
2026-08-08T09:36+0500
2026-08-08T09:41+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/17/65118649_0:1:1200:676_1920x0_80_0_0_d7b494ddf36858d1e738c04337781575.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. АҚШ Украинамен Қара теңіздегі қазақстандық мұнайды экспорттауға пайдаланылатын Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына және Ресейге қатысы жоқ танкерлерге соққы жасамау жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Блумберг америкалық шенеуніктің сөзіне сілтеме жасай отырып. Бұл туралы РИА Новости жазды. "АҚШ-пен қол жеткізілген келісім аясында Украина Каспий құбыр желісі консорциумының инфрақұрылымына, сондай-ақ терминалға баратын Ресейге қатысы жоқ кемелерге шабуыл жасаудан бас тартуға міндеттелді. Бұл ретте бұл кемелерге Украинаның санкциялары қолданылмауы және оларда ресейлік жүк болмауы тиіс", - делінген хабарламада. Агенттіктің хабарлауынша, Новороссийск маңындағы тиеу жұмыстарын бұзып, әлемдік мұнай бағасының өсуіне түрткі болған соңғы дрон шабуылдары аясында Киев АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөздерден кейін осы шектеулерге келісті.Бұл ретте Украина кеме иелерінен бірқатар талапты орындауды талап еткен, атап айтқанда, танкерлер ресейлік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі болмауы, оларда ресейлік мұнай тасымалданбауы және кемелердің өздері Киев енгізген санкцияларға ілікпеген болуы тиіс.Айта кетері, Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнай экспортының 80%-ы тасымалданады. Ірі акционерлер қатарына Қазақстан ("ҚазМұнайГаз"), Ресей ("Транснефть"), "Лукойл" құрылымдары, сондай-ақ "Роснефть", ExxonMobil, Chevron және Shell компаниялары кіреді.
https://sputnik.kz/20260730/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-terminaly-manynda-eki-tankerge-shabuyl-zhasaldy-65330004.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/17/65118649_67:0:970:677_1920x0_80_0_0_71d24cb34a88026120625f7de79d8f15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина АҚШ-қа Қара теңіздегі КҚК нысандарына шабуыл жасамауға уәде берді - БАҚ
09:36 08.08.2026 (жаңартылды: 09:41 08.08.2026) Бұл ретте Украина кеме иелерінен бірқатар талапты орындауды талап еткен
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. АҚШ Украинамен Қара теңіздегі қазақстандық мұнайды экспорттауға пайдаланылатын Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына және Ресейге қатысы жоқ танкерлерге соққы жасамау жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Блумберг америкалық шенеуніктің сөзіне сілтеме жасай отырып. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"АҚШ-пен қол жеткізілген келісім аясында Украина Каспий құбыр желісі консорциумының инфрақұрылымына, сондай-ақ терминалға баратын Ресейге қатысы жоқ кемелерге шабуыл жасаудан бас тартуға міндеттелді. Бұл ретте бұл кемелерге Украинаның санкциялары қолданылмауы және оларда ресейлік жүк болмауы тиіс", - делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, Новороссийск маңындағы тиеу жұмыстарын бұзып, әлемдік мұнай бағасының өсуіне түрткі болған соңғы дрон шабуылдары аясында Киев АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөздерден кейін осы шектеулерге келісті.
Бұл ретте Украина кеме иелерінен бірқатар талапты орындауды талап еткен, атап айтқанда, танкерлер ресейлік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі болмауы, оларда ресейлік мұнай тасымалданбауы және кемелердің өздері Киев енгізген санкцияларға ілікпеген болуы тиіс.
Айта кетері, Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнай экспортының 80%-ы тасымалданады. Ірі акционерлер қатарына Қазақстан ("ҚазМұнайГаз"), Ресей ("Транснефть"), "Лукойл" құрылымдары, сондай-ақ "Роснефть", ExxonMobil, Chevron және Shell компаниялары кіреді.