https://sputnik.kz/20260807/ukimet-aqmola-oblysyndagy-tort-infraqurylymdyq-zhobaga-14-mlrd-tenge-boldi-65519105.html
Үкімет Ақмола облысындағы төрт инфрақұрылымдық жобаға 1,4 млрд теңге бөлді
Үкімет Ақмола облысындағы төрт инфрақұрылымдық жобаға 1,4 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілері жаңғыртылады 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T09:05+0500
2026-08-07T09:05+0500
2026-08-07T09:05+0500
ақмола облысы
ауыз су
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1f/15907538_12:0:1269:707_1920x0_80_0_0_b1f82121040a4f89aee1593a20a62eb2.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.Бұл қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында төрт инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қарастырылған.Атап айтқанда, Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілері жаңғыртылады. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және маусымдық жүктеме кезеңінде олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Жобаларды жүзеге асыру желілердің апаттылығын төмендетеді. Сонымен қатар, судың қажетті көлемін беру және ағынды суларды бұру жүйеге жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік және туристік нысандарды қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірге инвестиция тарту үшін де жағдай жасайды.
https://sputnik.kz/20260806/ukimet-sqo-auyldaryn-sumen-qamtuga-qaytarylgan-aktivter-esebinen-27-mlrd-tenge-boldi-65490913.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1f/15907538_169:0:1112:707_1920x0_80_0_0_de54f9a4dd207da1ef43797fb06e56f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, ауыз су, үкімет
ақмола облысы, ауыз су, үкімет
Үкімет Ақмола облысындағы төрт инфрақұрылымдық жобаға 1,4 млрд теңге бөлді
Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілері жаңғыртылады
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.
Бұл қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында төрт инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қарастырылған.
Атап айтқанда, Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілері жаңғыртылады. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және маусымдық жүктеме кезеңінде олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
"Бөлінген қаражаттың келесі бір бөлігі Щучинск қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін кешенді түрде жаңартуға жұмсалады. Атап айтқанда, магистральдық су құбыры желілерінің төртінші кезегін салу және реконструкциялау, су бұру нысандары мен желілерін жөндеу, сондай-ақ кварталдар ішінде кәріз тарту жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жобаларды жүзеге асыру желілердің апаттылығын төмендетеді. Сонымен қатар, судың қажетті көлемін беру және ағынды суларды бұру жүйеге жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік және туристік нысандарды қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірге инвестиция тарту үшін де жағдай жасайды.