Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Ауыз су
Ауыз су - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Жазылу
Жоба аясында 59 шақырым тарату желісі мен 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 2,7 млрд теңге бөлінді.
Преснов топтық су құбырын реконструкциялау жалпы саны 34,5 мың адам тұратын Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді.
"Бүгінде 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тарату желілері, сондай-ақ 46 шақырым ауылішілік су желілері тартылды. Суды жинақтауға, таратуға және қажетті су қысымын қамтамасыз етуге арналған қысым реттегіш құрылыстарын салу және жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады үкімет.
Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстары Қызылжар ауданындағы жалпы саны 4 мыңнан астам адам тұратын 10 ауылды қамтиды. Жоба аясында 59 шақырым тарату желісі мен 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады.
Преснов және Соколов су құбырларын пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Жаңалықтар
0