https://sputnik.kz/20260803/zhambyl-oblysynda-qaytarylgan-aktivter-esebinen-80-mynnan-astam-turgyn-gazben-qamtyldy-65414231.html
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Sputnik Қазақстан
Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T09:41+0500
2026-08-03T09:41+0500
2026-08-03T09:41+0500
жамбыл облысы
газ құбыры
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/07/10/45664798_0:122:2473:1514_1920x0_80_0_0_e21d394e4d5c033e38106d9db59da497.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды, деп хабарлады үкімет.Жамбыл облысында "Шу" автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Жаңа нысанды пайдалануға беру инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, тұрғын үй секторын, орталық қазандықты және кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етеді. Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға, сондай-ақ жаңа абоненттерге техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік береді.Бүгінде құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізілуде.
https://sputnik.kz/20260722/qaytarylgan-aktivter-esebinen-arqalyq-auezhayy-zhanartylyp-zhatyr-65104663.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/10/45664798_454:0:2473:1514_1920x0_80_0_0_e9cd04394c06ea6b382f54f512575160.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, газ құбыры, үкімет
жамбыл облысы, газ құбыры, үкімет
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды, деп хабарлады үкімет.
Жамбыл облысында "Шу" автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.
Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
"Қазіргі таңда ауданды табиғи газбен қамту Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан "Қордай" атвтоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы қамтамасыз етіледі. Аталған стансаның қуаты тұтыну көлемінің өсуіне есептелмеген", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа нысанды пайдалануға беру инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, тұрғын үй секторын, орталық қазандықты және кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етеді. Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға, сондай-ақ жаңа абоненттерге техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік береді.
Бүгінде құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізілуде.