https://sputnik.kz/20260807/qazaqstan-ushin-azirge-kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-balama-zhoq--qmg-basshysy-65537614.html
Қазақстан үшін әзірге Каспий құбыр консорциумына балама жоқ – ҚМГ басшысы
Қазақстан үшін әзірге Каспий құбыр консорциумына балама жоқ – ҚМГ басшысы
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T18:34+0500
2026-08-07T18:34+0500
2026-08-07T18:34+0500
каспий
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758391_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_1497f350da3bbba9b6a1ae448305568a.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан үшін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) экономика мен көлем жағынан теңдесі жоқ, әзірге оған балама табылмайды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов "Самұрық-Қазына" қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.Оның айтуынша, Қазақстанда ірі мұнай сақтау қоймаларын салу өте қымбатқа түседі. Себебі жерасты резервуарларын жасауға қажетті игерілген кен орындары мен тұз күмбездері жоқ.Сондай-ақ отырыста жеті ай ішінде ҚМГ 14,5 млн тонна мұнай өндіргені, ал жоспар 15,3 млн тонна болғаны айтылды.Жоспардың орындалмауына қаңтар айында электр станциясы трансформаторларындағы өрттен кейін Теңіз кен орнында мұнай өндірудің тоқтауы, сондай-ақ Украина ұшқышсыз ұшақтарының консорциум инфрақұрылымы мен танкерлерге жасаған шабуылдарына байланысты КҚК жұмысының іркілуі себеп болған.КҚК құбыры арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы айдалады.
https://sputnik.kz/20260801/kaspiy-qubyr-konsortsiumynyn-zhumysy-tolyq-toqtatylmaydy--energetika-ministrligi-65382528.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758391_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_f303dea0bac5312448fb33efce2ba6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, құбыр
Қазақстан үшін әзірге Каспий құбыр консорциумына балама жоқ – ҚМГ басшысы
Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан үшін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) экономика мен көлем жағынан теңдесі жоқ, әзірге оған балама табылмайды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов "Самұрық-Қазына" қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда ірі мұнай сақтау қоймаларын салу өте қымбатқа түседі. Себебі жерасты резервуарларын жасауға қажетті игерілген кен орындары мен тұз күмбездері жоқ.
"Экономика мен көлем жағынан КҚК-ның баламасы жоқ. Бірақ бұл біз басқа нұсқаларды қарастырмаймыз дегенді білдірмейді. Мысалы, "ҚазТрансОйлдың" резервуарлық паркі бүгінде шамамен 1,4 млн текше метрді құрайды және біз оны үнемі ұлғайтып келеміз", – деді Хасенов.
Сондай-ақ отырыста жеті ай ішінде ҚМГ 14,5 млн тонна мұнай өндіргені, ал жоспар 15,3 млн тонна болғаны айтылды.
Жоспардың орындалмауына қаңтар айында электр станциясы трансформаторларындағы өрттен кейін Теңіз кен орнында мұнай өндірудің тоқтауы, сондай-ақ Украина ұшқышсыз ұшақтарының консорциум инфрақұрылымы мен танкерлерге жасаған шабуылдарына байланысты КҚК жұмысының іркілуі себеп болған.
КҚК құбыры арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы айдалады.