Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтатылмайды – энергетика министрлігі

© Photo : Пресс-служба Минэнерго КазахстанаМинистерство энергетики Казахстана
Министерство энергетики Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Жазылу
Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Энерегтика министрлігі желідегі КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарладыі энергетика министрлігі.
1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады, дейді министрлік.
Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда.
Каспий құбыр консорциумының терминалындағы тиеу айлағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Энергетика министрлігі КҚК терминалы маңындағы шабуылға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0