Энергетика министрлігі КҚК терминалы маңындағы шабуылға қатысты пікір білдірді

© Пресс-служба Каспийского трубопроводного консорциумаКаспий құбыр консорциумының терминалындағы тиеу айлағы
Каспий құбыр консорциумының терминалындағы тиеу айлағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берлмеді
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы ауданындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмыстарын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары алдын ала тоқтатылды.
"Бұдан бөлек, тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6–7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады", - дейді министрлікте.
Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берлмеді. Шабуыл салдарынан туындаған өрт Каспий құбыр консорциумының үш буксирінің көмегімен сөндірілді.
Танкер и ВПУ на морском терминале КТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Каспий құбыр консорциумы терминалы маңында екі танкерге шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0