https://sputnik.kz/20260807/pashinyan-armeniya-eo-men-eaeo-ga-bir-mezgilde-mushe-bolu-mumkin-emes-ekenin-tusinedi-65529229.html
Пашинян: Армения ЕО мен ЕАЭО-ға бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді
Пашинян: Армения ЕО мен ЕАЭО-ға бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді
Sputnik Қазақстан
Алайда Армения премьер-министрі Еуроодақтың республикамен қарым-қатынасында ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа қайшы келетін ешқандай тармақ жоқ екенін мәлімдеді 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T13:03+0500
2026-08-07T13:03+0500
2026-08-07T13:04+0500
армения
қырғызстан
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58989199_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_b32a23ac21fbf008ca3430cfd3b544ad.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Армения ЕАЭО мен Еуроодаққа бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян Шолпан-Атадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.Ол 2025 жылы Арменияның Еуроодаққа қосылуы туралы заң қабылдағанын еске алды."Бұл заңды қабылдаудың стратегиялық мақсаты - біздің еліміз үшін балама жасау. Біз ЕАЭО мен Еуроодаққа мүше болу мүмкін емес екенін түсінеміз. Дегенмен бұл заңды қабылдаудың өзі Арменияның бүгінде Еуроодақ мүшесі болу мүмкіндігіне ие екенін білдірмейді", - деді Пашинян.Пашинян Арменияның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасында ЕАЭО-дағы мәртебесіне қайшы келетін ешқандай міндеттемелер екенін айтты."Армения мен Еуропалық Одақ арасындағы қазіргі қарым-қатынаста ЕАЭО ішіндегі және аясындағы мәртебемізге қайшы келетін ешқандай заңды, экономикалық немесе саяси міндеттемелер жоқ екенін айтуым керек", - деді Армения премьер-министрі.29 мамырда Астанадағы ЕАЭО саммитінде Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан көшбасшылары Арменияда Еуроодаққа кіру немесе ЕАЭО құрамында қалу туралы жалпыұлттық референдум өткізу қажеттілігі туралы ортақ ұстанымын білдіретін бірлескен мәлімдеме қабылдады.
https://sputnik.kz/20260602/pashinyan-armeniya-eaeo-ayasyndagy-zhumysyn-zhalgastyratynyn-malimdedi-63865435.html
армения
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58989199_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_8d328e1d7deb42b6e302de31820ac68f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
армения, қырғызстан, еаэо
армения, қырғызстан, еаэо
Пашинян: Армения ЕО мен ЕАЭО-ға бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді
13:03 07.08.2026 (жаңартылды: 13:04 07.08.2026) Алайда Армения премьер-министрі Еуроодақтың республикамен қарым-қатынасында ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа қайшы келетін ешқандай тармақ жоқ екенін мәлімдеді
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Армения ЕАЭО мен Еуроодаққа бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян Шолпан-Атадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
"Армения ЕАЭО-ға мүше төрт мемлекет көшбасшыларының 2026 жылғы 29 мамырдағы мәлімдемесін назарға алды. Онда Арменияда ЕАЭО-ға қосылу туралы референдум өткізуді қолдайтыны айтылған", - деді Армения премьер-министрі.
Ол 2025 жылы Арменияның Еуроодаққа қосылуы туралы заң қабылдағанын еске алды.
"Бұл заңды қабылдаудың стратегиялық мақсаты - біздің еліміз үшін балама жасау. Біз ЕАЭО мен Еуроодаққа мүше болу мүмкін емес екенін түсінеміз. Дегенмен бұл заңды қабылдаудың өзі Арменияның бүгінде Еуроодақ мүшесі болу мүмкіндігіне ие екенін білдірмейді", - деді Пашинян.
Пашинян Арменияның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасында ЕАЭО-дағы мәртебесіне қайшы келетін ешқандай міндеттемелер екенін айтты.
"Армения мен Еуропалық Одақ арасындағы қазіргі қарым-қатынаста ЕАЭО ішіндегі және аясындағы мәртебемізге қайшы келетін ешқандай заңды, экономикалық немесе саяси міндеттемелер жоқ екенін айтуым керек", - деді Армения премьер-министрі.
29 мамырда Астанадағы ЕАЭО саммитінде Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан көшбасшылары Арменияда Еуроодаққа кіру немесе ЕАЭО құрамында қалу туралы жалпыұлттық референдум өткізу қажеттілігі туралы ортақ ұстанымын білдіретін бірлескен мәлімдеме қабылдады.